Kітапхана » Страница 4 » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қорқыт ата
19
январь
2021
Қорқыт ата
Қорқыт ата (9 ғ.) – қобыз атасы деп табылады, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. Қорқыт ата түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін
Жүсіп Баласағұн
19
январь
2021
Жүсіп Баласағұн
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып
Ахмет Яссауи
19
январь
2021
Ахмет Яссауи
Қожа Ахмет Яссауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының
Шәкәрім Құдайбердіұлы
19
январь
2021
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858-2 қазан 1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген
Мағжан Жұмабаев
19
январь
2021
Мағжан Жұмабаев
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (25.06.1893, қазіргі Оңт.Қазақстан обл., Булаев ауд,. Сасыққөл басында - 19.03.1938) - ақын, аудармашы. Сол кездегі дәстүр бойынша әуелі ауыл молдасынан сабақ алады. Бұдан соң әулетті әкесі Бекен Мағжанды Кызылжардағы Бегішов медресесіне оқуға береді. Мұсылмандық орташа дәрәжелі білім беретін бұл медресе бес жылдай оқып бітірген соң 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Осында жүріп «Садақ» журналын шығарысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды.
Аймауытов Жүсіпбек
19
январь
2021
Аймауытов Жүсіпбек
Туғаны: 1889 Баянауыл ауданы, Павлодар облысы Қайтыс болғаны: 1931 Мансабы: Жазушы Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі ЖүсіпбекАймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы
Ахмет Байтұрсынұлы
19
январь
2021
Ахмет Байтұрсынұлы
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде
Шерхан Мұртаза
19
январь
2021
Шерхан Мұртаза
Белгілі кеңес және қазақ жазушысы, қоғамдық-саяси қайраткер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журналист-аудармашы Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза 1932 жылы 27 қыркүйекте Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Талапты ауылында дүниеге келген. Отандық публицистиканың жетекші тұлғасы болған Шерхан Мұртаза дулат руының шымыр тармағынан тараған. Ол Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі. Қанша білім қуса да шағын ауылында өскен жазушы өзінің кіші отанын ұмытпай, үнемі жерлестеріне
Фариза Оңғарсынова
19
январь
2021
Фариза Оңғарсынова
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 5 желтоқсанда қазіргі Атырау облысындағы Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. Фариза он баланың кенжесі. Алайда, бауырларының көбі ерте қайтыс болып кетеді. Әкесі – Оңғарсын Иманғалиев оқыған, балық шарушылығын алғаш болып ұйымдастырған, жұртына қадірлі азамат болған. Ол Фаризаның кішкентай кезінде қайтыс болып кеткен. Ал анасы – Халима Иманғалиева арабша хат таныған кісі. Ол, халық ертегілерін, ескі қазақ әндерін жақсы көрді. Балаларын да
Мәуленов Сырбай
19
январь
2021
Мәуленов Сырбай
Мәуленов Сырбай (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші;