28
январь
2021
"Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы
"Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында "Жолда абай бол! " тақырыбында сынып сағатын ZOOM бағдарламасымен өтті.
Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру, жол ережесін сақтауға үйрету.
Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Қауіпсіздік ережесін сақта!
Жолда жүру ережесін сақтау-баршамыздың міндетіміз. Балалар, сендер қайда жүрсеңдер де, тәртіп бұзбауға тырысыңдар. Әсіресе, жол
жүру ережесін бір сәтке естен шығармауларың қажет. Жол ережелерін білмеулерің түрлі келеңсіз жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін естеріңе салып отырмыз.
1.Жүріп келе жатқан көлікте әрқашан ұстағыштардан ұстап отырыңдар;
2.Жеңіл көлікте артқы орындыққа жайғасыңдар, қауіпсіздік белдігін пайдаланыңдар және есік жабық екеніне көздеріңді жеткізіңдер;
3. Велосипед, роликті коньки, скейтборд тепкенде аса ұқыпты және сақ болыңдар;
4.Көшеде бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өтіңдер;
5.Көшеден өтерде алдымен солға қара, ал бөлгіш сызығынан кейін оңға қараңдар;
6. Егер жолдан өтуге үлгермесең, бөлгіш сызығында тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт;
7.Жүріп келе жатқан көлік алдынан жүгіріп өтпе;
8.Егер жаяу жүргіншіге арналған жол болмаса, жол шетімен көлік қозғалысына қарсы жүр;
9.Көшенің көлік жүретін бөлігінде ешқашан ойнамаңдар.