04
май
2021
Жаратылыстану пәндерінің қалалық семинары
«Жаратылыстану пәндерінде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында қалалық тәжірибелік-вебинар онлайн форматта өткізілді. STEM-білім беруде «Гидропоника әдісі бойынша жасыл өнім өсіру» және «Эстетикалық гүлді өсімдіктерді топырақ арқылы өсіру» тақырыптары бойынша мектептің оқушылары зерттеу жұмыстарын көрсетті. СLIL технологиясын химия пәнінде кіріктіріп оқытудың маңызын термин сөздерді сабақта қолдану арқылы көрсете білді. Оқушылардың фукционалдық сауаттылықтары, олардың өмірлік және кәсіби перспективалары, өз күштеріне деген сенімділік, шешімдер қабылдау, зерттеушілік қабілеттерін арттыру мақсатында бірнеше зерттеу жұмыстары жасалынып жатыр.