Бұқар жырау » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
январь
2021

Бұқар жырау

Бұқар жырау Қалқаманұлы – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері 1668 жылдар шамасында туған. ұқардың арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ. Бұқар жырау ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ (1718 жылы өлген) қабырғалы би болған деседі. Бірақ Абылайға дейінгі билеп келген хандардың ешқасайсымен тіл табыса алмайды. Тек Абылай ханның тұсында жыраудың жұлдызы тағы да жанады, сөйтіп ол хан ордасына оралып, қалған өмірінде мемлекеттік істерге тікелей араласады. Бұқар жырау Қалқаманұлы Қарағанды облысы Бұқар жырауауданының аумағындағы Далба тауының бір сілемінде жерленген. Бұқар жыраудың шығармалары философиялық-дидактикалық толғау түрінде бізге жеткен. Олар бейнелі суреттерге бай, ұлттық бояуға қанық, көркемдігі кемел. Жырау халықтың дәстүрлі ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдалана білген. "Өз заманындағы жандар бұл кісіні көмекей әулие деседі екен. Қара сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен " деп жазады белгілі ғалым, фольклоршы, жыраудың тұңғыш биографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқар жырау шығармаларының басты тақырыбы – халқына, отанына деген ыстық махаббаты. Ол отанды сүюге, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға үндейді. Көреген ақын қазақ халқының ұлттық бірлігі қажет екендігін айқын түсініп, бұл тұрғыда Абылайды бірлік идеясын жүзеге асыра алатын қайраткер ретінде жырына қосады, сыртқы жаулармен күресте қазақ жүздерін біріктірер қолбасшы, көзсіз батыр ретінде сүреттейді. Ал егер оның іс-әрекеті халық мүддесіне кереғар келсе қорықпай-үрікпей сын тезіне салады. Жырау шығармашылығындағы басқа бір маңызды тақырып адам табиғатының өзгеруі, дүниенің бір орнында тұрмайтындығы. Бұқар өмірді кезең-кезеңге бөліп, адамның жасы оның санасын, мінез-құлқын, көңіл күйін, күш-жігерін қалай өзгертетіндігін көрсетеді. Оның поэзиясының халық арасына кеңінен тарап, ғақлия, нақыл, афоризмдерге айналуы, мақал-мәтел болып жетуі де көркемдеу тәсілінің кереметтігінде. Бұқар жырауКалқаманұлы шын мәнінде көне қазақ поэзиясының ең тұлғалы өкілдерінің бірі. 1993 жылы жыраудың 325 жылдық мерейтойын атап өтіп. Жыраудың мәңгі есте қалдыру жөнінде айтарлықтай қадам жасалды деуге болады. Бұрынғы Ульянов мамандырылған бірлестігі мен Озерное селосына Бұқар жырау есімі берілген. Кейін, 1997 жылы Ульянов және Тельман аудандары біріктірілгенде, аудан ұлы абыздың атымен аталды. Қарағандыдағы сәулетті көшелерінің бірі Бұқар жырау даңғылы деп аталады. Мерейтой салтанаты үстінде осы көшенің бойында, темір жол вокзалы алдындағы кең алаңда Бұқар жырау ескерткіші ашылды. Ескерткіштің авторы – жерлес мүсінші Мұрат Мансұров. Ал, Бұқар жырау жерленген Далба тауының етегінде халқымыз әулие деп танитын ұлы абыздың кесенесі салынып, ол 1993 жылы 21 тамыз күні салтанатты түрде ашылды. Табаны үш таған болып келетін, биіктігі 12 метрге жететін бұл ғимарат қазақтың ұлттық бас киіміне ұқсас келеді де, кезінде ұлы бабамыз аңсап кеткен үш жүздің, бүкіл елдің бірлігін бейнелейді.
Бұқар жас кезінен би атанып, Қазыбек, Төле, Әйтеке билермен бірге Тәуке ханның заңдар жинағын құрастыруға қатысқан. Бұқар көшпелі халықты жоңғарлар жан-жақтан қыспаққа алып, шабуылдап жатқан қатал заман тұсын жырлаған.
Ол сол кезде қазақтың билеушісі Абылай ханның ақылшысы әрі кеңесшісі болатын.
Ұлы ханның барлық қазақ тайпаларын біріктіретініне сеніп, оны алып күш иесі деп кұрметтеген.
Бұқар жыраудың ең таңдаулы шығармаларының бірі - Абылайдың дүниемен қоштасуы туралы өлең-жоқтауы. Онда ханның батылдығы мен ақылдылығы, дана саясаты мен көрші елдермен дипломатиялық қарым-қатынасты жүргізе алу ерекшелігі айқын суреттелген. Өз заманын жақсы түсіне білген ақын үш жүздің бірігуін қолдап, біртұтас мықты мемлекет кұруды армандаған. Бұқар жырау мұраларынан бізге жеткені - жырларының 1100 өлең жолдары ғана.
Сөз өнерін тамаша меңгерген оны өз замандастары «көмекей әулие» деп атаған. Бұқар жырау, шынында да, өз заманының жаршысы болған. Оның айтқан сөздері халыққа әскери рух беріп, ұлттық сана-сезімнің нығаюына әсер еткен.

Похожие публикации:

19 январь 2021 Халық ауыз
19 январь 2021 Қазтуған жырау
19 январь 2021 Доспамбет жырау
19 январь 2021 Ақтамберді жырау
20 декабрь 2020 Ілияс Есенберлин
Прокомментировать
• bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Tpdjba
12 августа 2024 02:03
cheap lasuna online - himcolin cheap order himcolin online cheap
Fmtehl
18 августа 2024 01:35
order besivance generic - order carbocysteine online cheap buy generic sildamax
Ocjonf
20 августа 2024 21:48
cheap neurontin online - cheap generic neurontin order sulfasalazine 500 mg pill
Ympvmx
27 августа 2024 10:22
cheap mebeverine - pletal online order where can i buy cilostazol
Wtryar
31 августа 2024 06:01
voltaren ca - purchase aspirin pills brand aspirin 75 mg
Btakrn
4 сентября 2024 14:21
purchase rumalaya for sale - cheap rumalaya buy amitriptyline paypal
Amcdhw
8 сентября 2024 03:34
pyridostigmine brand - mestinon generic azathioprine 50mg sale
Bryiku
18 января 2025 17:34
order absorica online - buy linezolid online order generic linezolid 600 mg
Lkhgqq
19 января 2025 11:34
buy generic amoxicillin - buy valsartan generic buy ipratropium 100mcg without prescription
Zvtggb
1 февраля 2025 19:27
buy azithromycin 250mg pills - generic azithromycin bystolic 5mg canada
Rsbuqx
6 апреля 2025 13:06
zovirax drug - rosuvastatin 10mg canada crestor 20mg cost