Kітапхана » Страница 7 » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қасым Аманжолов
20
декабрь
2020
Қасым Аманжолов
Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалып, біраз жыл ағасының қолында өседі. Ес білген соң туған ауылында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. 1924 жылы Семей қаласындағы интернатта білімін жалғастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленіп, одан әрі үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жаза бастаған. 1930 жылы Алматыға
Қадыр Мырза Әлі
20
декабрь
2020
Қадыр Мырза Әлі
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі. Өмірбаяны Байұлы тайпасының Байбақты руынан шыққан. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы,
Қабдеш Жұмаділов
20
декабрь
2020
Қабдеш Жұмаділов
Жұмаділов Қабдеш (лақап есімі К. Кудерин, 1936 ж.) - жазушы. 1936 жылы 24 сәуірде Қытай Халық Республикасы (ҚХР) Синьцзянь Ұйғыр автономды ауданының (СҰАА) Тарбағатай провинциясы Шәуешек ауданында дүниеге келген. Шәуешек аудандық гимназиясын аяқтайды (1956). С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) тәмамдаған соң (1965), «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер (1965-1967), «Жазушы» баспасында редактор (1967-1969), ҚазССР
Ілияс Есенберлин
20
декабрь
2020
Ілияс Есенберлин
Ілияс Есенберлин (1915-1983) Ақмола облысындағы Атбасар қаласында дүниеге келген. Жазушының балалық шағы аштық жалмаған зұлмат заманға тап келіп, 5 жасында тұл жетім қалды. Бала Ільяс балалар үйіне тапсырылды. Шығармашылыққа бір табан жақын өскен ол қабырға газетіне өлең жазып тұрды. Мектепті тәмамдаған соң, Қызылорда қаласына барып, интернат мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Кейін Қарсақпайдағы аудандық атқару комитетінде жұмыс істеді. Жұмыс ісей жүріп, Алматыдағы Қазақ тау-кен институтына
Зейнолла Қабдоллов
20
декабрь
2020
Зейнолла Қабдоллов
Қабдолов Зейнолла (1927-2006) - жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген. 1945 жылы қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген. Осы білім ордасында елу жылдан
Жұбан Молдағалиев
20
декабрь
2020
Жұбан Молдағалиев
Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды - 06.10.1988, Алматы) — қазақ ақыны, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы. Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты. Кіші жүз Байұлы тайпасы Байбақты руынан шыққан. Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63)
Әбіш Кекілбаев
20
декабрь
2020
Әбіш Кекілбаев
Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған. 1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында
Дулат Исабеков
20
декабрь
2020
Дулат Исабеков
Дулат Исабеков (20.12.1942 ж., "Ленин жолы" ауылы, Арыс ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1992). Өмірбаяны Дулат Исабеков 1942 жылдың желтоқсанның 20-сы күні Арыс ауданының "Ленин жолы" ауылында тұлғаның. Шыққан руы қоңырат. Мектепті бітірген соң Ташкенттегі институтқа екі рет тапсырып, түсе алмаған. 1966 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген; 1967—68 ж. - Қазақстан Республикасы
Ғабит Мүсірепов
20
декабрь
2020
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз 1902 жыл — 31 желтоқсан 1985 жыл) — қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақ КСР ҒА академигі (1985), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы. Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы, КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымындағы және ҚазақКСР Жоғары Кеңес депутаты. Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген.
Ғабиден Мұстафин
20
декабрь
2020
Ғабиден Мұстафин
Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Теміртау жеріне таяу Жауыр тауы, Нұра өзені жағасындағы Сарытөбе деген елді мекенде дүниеге келген. Болашақ қаламгердің жастық шағы өз жерінде, ата-анасының жанында өтеді. Балалық шағында Ғабиден Мұстафиннің есінде жақсы жатталған бір жайт — туған елін орыс қызметкерлеріне тартып алып, елді Қарағандының Спасск заводына қараған бетіндегі қырға зорлап көшіруі еді. Жиырмасыншы жылдарда ауылда жаңа орнап жатқан өкімет жұмыстарына қатысады. «1925 жылы көктемде Қазақстан