01
сентябрь
2020
1 қыркүйек - Білім күні
1 қыркүйек күні С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде, «Достық, отаншылдық, сүйіспеншілік» кең ауқымды тақырыбы аясында «Ата Заңымыздың 25 жылдығы», «Әль-Фарибидың 1150 жылдығы» және «Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы» іс-шаралары өтті.
Мақсаты: оқушыларды Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мемлекетімізде тойланып жатқан атаулы даталарды естерінен шығармай, бабаларды құрметтеуге тәрбиелеу. Осыған орай мектепте ашылған 1-4 кезекші сыныптарда және қашықтықтан оқытылып жатқан сыныптарда тәрбие сағаттары қашықтықтан WhatsApp желісі, Дарын онлайн платформасы арқылы өтілді.Мектеп іс-шараларына білім бөлімінен Мухамбетов Серик қатысып 1 сынып табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ыстық лебізін білдірді.